BANNER

Нұрайдың өлімі: Тоқаев сынынан кейін полиция басшылығы қызметінен босатылды

Фото: Life09

Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды. ІІМ заңды бұзуға ықпал ететін кез-келген фактілерге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне қатысты нық принципті ұстанады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында. Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, - деп хабарлады ІІМ.

Дереккөз: baq_kz