NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

NVIDIA басшысы Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады.