BANNER

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдар жабық күйінде қалады

Ашық дереккөз

Қарағанды облысында жол жамылғысының эрозиясына және еріген судың жолдың жүру бөлігінен асып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдың 2 учаскесі, облыстық маңызы бар жолдың 2 учаскесі және жергілікті маңызы бар жолдың 1 учаскесі жабық күйінде қалады:
1. Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай – Нүркен» облыстық маңыздағы 57 шақырымында еріген судың үлкен көлемінің ағуы нәтижесінде жол бөлігін шайып кеткен (ені 6 м, тереңдігі 2 м). Жолдың учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы балама жол бар.

2. Қарқаралы ауданы, облыстық маңызы бар «Егіндібұлақ-Қоянды-Бүркіті» автожолының 67 шақырымында еріген судың қарқынды ағуынан жол жамылғысын (ені 10 м, тереңдігі 20 см) шайып кеткен. Жол учаскесі  жабық.
3. Шет ауданы,  Нұраталды автожолы  Шопа ауылына кірме жол (жергілікті маңызы бар автожол), қардың еруі және Шерубай-Нұра өзені су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны болды (ені 300 м, тереңдігі 20 см). Шопа ауылына жол жүру шектеулі. ТЖД " ШҚЖ " РММ күшімен қажет болған жағдайда тұрғындарды өткізу үшін кезекшілік жүзеге асырылды. Жағдай жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие және ЖАО бақылауында, ауылда азық-түлік пен дәрі-дәрмектер бар. Елді мекенге қауіп жоқ.
4. Бұқар жырау ауданы, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 44 шақырымында еріген судың қарқынды ағуынан су тасқыны (ұзындығы 300 м, ені 40 м, тереңдігі 15 см) орын алды. Жол учаскесі  жабық. Жол қозғалысын шектеу учаскесі Қарағанды – Бастау км. (барлық көліктер үшін).
5. Бұқар жырау ауданы, республикалық маңызы бар «Бастау-Ақтау -Теміртау» тас жолының 25 шақырымында Нұра станциясының қорғаныс білігіне жүктемені азайту үшін жол учаскесін бұзу жұмыстарын  жүргізуге байланысты жол учаскесі жабылды.