Танымал блогер, желі жұлдызы Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевпен араласатынын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Блогер әкесіне қатысты сұраққа жауап берді.
“Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам маған кейбір оқырмандарым: “Жарайсың, араласқаның жақсы” деп пікір жазады. Олардың маған жұмсартып айтқан пікірлері ұнамайды. Әкемнің ісі ақтауға келмейтін дүние. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес”, – деді блогер.
Айтуынша, ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесімен бұрынғыдай қарым-қатынаста қалу оңайға соқпаған.
“Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жыл бойы өте жақсы әке болды. Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені, бұл – өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Сіздердің көпшілігіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің іс-әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты", – деп жазды Айсәуле Бақытбек.