«Отбасы банк» қызметкерлерінің заңсыз сыйақы алғаны және жалған құжаттар жасағаны анықталды.
Банк мәліметінше, кей қызметкерлер тұрғын үй кезегін жылжыту, клиенттер мен басқа да тұлғалардың мүддесін шешу үшін заңсыз ақша алған. Сондай-ақ табысы туралы жалған құжаттар жасап, талапқа сай келмейтін азаматтардың ипотекалық несие алуына көмектескен.
Анықталған қызметкерлермен еңбек шарттары сенімнің жоғалуына байланысты бұзылған. Сонымен қатар банк оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына арыз берген.
Дереккөз: Stan.kz
«Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін жылжытып, жалған құжат жасаған
Фото: ЖИ ChatGPT