BANNER

«Отбасымен бейнеқоңырау» - жақындарды байланыстырған телекөпір

Ашық дереккөзі

Еліміздің Қарулы Күштерінде Қорғаныс Министрінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған "Отбасымен бейнеқоңырау" жобасының нәтижесінде, көптеген ата-аналар үйден шықпай-ақ, әскердегі ұлдарымен байланысқа шығып, сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.

1

ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионындағы сарбаздар апта сайын, басшылық құрамның белгілеген уақыты бойынша ата-аналарымен байланысқа шығып, жақын туыстарын қуантады. Сарбаздар ата-аналарымен, ет жақын туыстарымен байланыса отырып, әскерге жіберген баласының жетістіктеріне көз жеткізе алады. Бауыр еті баласының отан алдындағы абыройлы міндетін атқарып жатқанына күдікшіл болған ана көңіл алаңдамай қоймайды. Сап түзеген сарбаз да, бір әке-шешенің көз қарашығы. Деседе, баласының үйренгені мен өзгергенің көріп, қуанып қалғандарын жасырмайды. Қалай десек те, ең мықты мектеп – армия. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Қоғамның армияға деген сенімін арттыру, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын қолдаудағы пәрменді қадам бейнебайланыс «Отбасымен бейнеқоңырау» жобасы. Жаңашылдықтың арқасында әрбір әскери қызметші жұмыс күндері туыстарымен және жақындарымен байланыса алады. Айта кетейік, аталмыш жоба қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-аналарын көріп, тілдесуі үшін іске қосылған. Бұл іс-шара мұнымен тоқтап қалмай, алдағы таңда әліде өз жалғасын табатын болады.

   « -ҚР Қарулы Күштері басшылық тарапынан әскери қызметшілерге оның ішінде бізге яғни сарбаздарға барлық жағдайлар жасалуда. Соның бірі ата-анамызбен сөйлесу. Бұл туыстарымыз бен біздер үшін үлкен қуаныш. Ұялы телефон арқылы дауыстарын естіген бір басқа, бүгінде осы бейне сөйлесу арқылы балаларының киімі бүтін, дені сау екендігіне көре алады. Қарулы күштердің сарбаздары, елімізді қорғауға әрдайым дайынбыз. Бізге жағдай жасап жатқан еліміз бен қарулы күштер басшылығына, ата-анамызға алғысымыз шексіз» - деп атап өтті, өз сөзінде Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионы қатардағы жауынгер Әлихан Төлеген.