BANNER

Парламент депутаттары 1 қыркүйекке дейін демалысқа шықты

Сурет: Үкімет

Сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясы аяқталды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығындағы парламенттік демалыс туралы қаулыға қол қойды.

Оның айтуынша, осы кезеңде палаталардың бес бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өткен. Сессия барысында қос палатада 179 заң жобасы қаралып, оның 102-сі қабылданды.