2025 жылғы 12 маусымда Приозерск қаласында «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қалалық аурухана қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. ақылы және тегін қызмет көрсету, пациенттермен қарым-қатынас, кадрлық және қаржылық рәсімдер мәселелерін кеңінен түсіндірді.
Ерекше назар қызметтік әдепті сақтау, мүдделер қақтығының алдын алу және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыптарына аударылды.
Медициналық қызметкерлер пікірталасқа белсенді қатысып, кәсіби тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, сұрақтар қойды. Бұл кездесу ашық диалог алаңына айналып, антикоррупциялық органдар өкілдері мен медицина қызметкерлері арасында пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық пулдың мүшесі Әбішев Жомарт Сүлейменұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау мен адалдық қағидаттарын ұстанудың маңызын атап өтті.
Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі
