ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бизнесті заңсыз тексеруге жол бермеу мақсатында сауда орталықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бизнес субъектілерінің құқықтарын сақтау мәселесі прокуратура органдарының негізгі және басым бағыттарының бірі болып саналады.
Түсіндіру жұмыс кезінде «Qamqor» мобильді қосымшасының «бизнестің қалта көмекшісінің» жұмысы нақты көрсетілді.
Қосымша бақылаушы органдарды тексеруді тіркеуді ғана емес, сондай-ақ өз аккаунтын «Qamqor» мобильді нұсқасында тіркеу арқылы кәсіпкерге тексеру туралы алдын ала хабарланады. Тексеру аяқталғаннан кейін кәсіпкер қосымша арқылы анықталған бұзушылықтар көрсетілетін тексеру нәтижесімен таныса алады.
Бұдан әрі, қажет болған жағдайда кәсіпкер бұзушылықтар туралы хабарламаны тексеру кезінде де, оның басталуына дейін де жібере алады, мысалы, тексеруді тіркемеген жағдайда.
Сонымен қатар, тексерулерге қатысты ең көп қойылатын және өзекті сұрақтар бойынша дайын жауаптар орнатылған.