BANNER

Ресей газы 2040 жылға дейін Қазақстан арқылы өтеді

Фото: orda.kz

Санкт-Петербург халықаралық форумында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға өтетін ресейлік газдың транзиті туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Газпром» ПАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер мен «QazaqGaz» АҚ басшысы Санжар Жаркешов қол қойған келісім шартына сәйкес, Ресей газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2025-2040 жылдар аралығында тасымалдайды.

Газ транзиті үшін бағыт  Орталық Азия – Орталық газ құбыры жүйесі негізінде кеңейтілетін болады.

«Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайту үшін «Орталық Азия – Орталық – IV» газ құбыры нысандарын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды» делінген хабарламада.

2024 жылғы 5 маусымда өткен көрмеде Владимир Путин Ресей газды Өзбекстанға ғана сатуды жоспарлап отырғанын айтты. Қазақстанның солтүстік облыстары да ресейлік газбен қамтамасыз етуді қажет етеді, бұл жаңа бағыттарды игеру болмақ.