BANNER

Риддерде қар жауды (видео)

Сурет: видеодан алынған скрин

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытады. Риддерде кеше қар жауғаны туралы видео желіде тарап кетті. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін түнде облыстың шығысы мен солтүстігінде тағы қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

– 29 мамырда облыстың шығыс бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1-ден +6°-қа дейін, шығыс пен солтүстікте -2°-қа дейін суытуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Таяуда Марқакөл ауданында сынап бағанасы -6°С-қа дейін төмендеген. Алдағы түнде Риддер, Катонқарағай, Глубокое және Марқакөл аудандарында температура 0-ден төмен болады деп күтіліп отыр. 

– Күндіз ауа температурасы +15, +20° дейін көтеріледі. Бірақ облыстың шығысында 10 градус жылыдан аспайды. Ал, Өскеменде жауын жаумайды. Ауа температурасы +17°-қа дейін жетеді, - делінген ақпаратта.