BANNER

Саранда заманауи Жедел басқару орталығы ашылды

Life09

Қарағанды облысында ішкі істер органдарының қызметі жаңа деңгейге көтерілуде. Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Соның нәтижесінде Саран қаласында заманауи Жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды.

Жаңа орталықтың бірыңғай жүйесіне 613 бейнебақылау камерасы (қоғамдық орындарда орнатылған) және 24 білім беру мекемесіндегі 307 камера қосылған. Тәулік бойы жүргізілетін бақылау полицияға құқықбұзушылықтар мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бұл бастама «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырудың маңызды бөлігі саналады.

– Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жасанды интеллект жүйелерін дамыту – ішкі істер органдарының стратегиялық бағыттарының бірі. Ең бастысы – бұл технологиялар құқықбұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға нақты қызмет етуі тиіс, – деді Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов орталықтың ашылу салтанатында.

Саран қалалық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Ахметовтың айтуынша, орталық іске қосылған уақыттан бері 10 қылмыс ашылып, 5000-нан астам құқықбұзушылық фактісі анықталған.

– Полиция қызметкерлері тәулік бойы оқу орындарында, өндіріс аймақтарында және қоғамдық орындарда жағдайды бақылап отырады. Бұл профилактикалық және жедел әрекет ету шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырды, – деп атап өтті ол.

Вице-министр бейнебақылау жүйесін кеңейту және жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған камераларды адамдар көп шоғырланатын нысандарға орнатуды жалғастыруды тапсырды.

Осылайша, жаңа орталықтың ашылуы Қарағанды облысында қауіпсіздік саласындағы “ақылды технологиялардың” дамуына нақты үлес қосты және полиция жұмысының тиімділігін арттыруға жол ашты.

Ақпарат көзі: polisia.kz