BANNER

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы басқармасының төрағасы болып Дәулет Әбдуәлиұлы Оралов тағайындалды.

Дәулет Ораловтың жоғары заңгерлік және қаржылық білімі бар.

Әр жылдары мемлекеттік және жеке құрылымдарда жауапты лауазымдарды атқарды.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы болып бастаған. Содан кейін «Алматы» ӘКК-де жобалау менеджері, «Alan Parking» ЖШС бас директорының орынбасары, «Алматы» ӘКК-де жобаларды басқару және инвестициялар тарту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2018–2021 жылдары Дәулет Оралов Алматы облысы әкімінің көмекшісі болды.

Кейінгі жылдары өнеркәсіп секторында - «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС басқарушы директоры, «Petro Premium Service» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

2023 жылғы қазаннан бастап осы күнге дейін «Қазақтелеком» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бизнес-жаттықтырушы және менеджер лауазымдарын атқарды.