Семейде қоқыс жәшігінде денесі күйген нәресте шетінеп кетті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Эльзира Жүнісова Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәбиге қатысты пікір білдірді.
"Нәресте 13 қазанда сағат 19:40-та шетінеп кетті, ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде жатты. Денесінің 80%-ы күйік шалған. Жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деді Жүнісова.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде қоқыста денесін күйік шалған сәби табылғанын хабарладық.