BANNER

Шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады

Фото: pexels.com

Шілде айында қазақстандықтарға бір күн қосымша демалыс беріледі. 2024 жылы Астана күні сенбіге сәйкес келетіндіктен демалыс дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар Астана күніне үш күн демалады: 6, 7 және 8 шілде.

Жалпы шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады: 6, 7, 8, 13, 14, 20, 21, 27, 28. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 6, 7, 14, 21, 28 шілде болады.