BANNER

Шымкентте ер адам бәстесіп, 26 қаламсап жұтып қойған

Фото: canva.com

Шымкент қаласының тұрғыны бәстесудің салдарынан 26 дана қаламсапты жұтып қойған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

2 сағатқа созылған ота нәтижесінде дәрігерлер асқазанынан барлығы 26 қаламды эндоскопиялық жолмен алған.

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық-клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен 2 сағатқа созылып, нәтижесінде мамандар науқастың асқазанынан барлығы 26 қаламсапты эндоскопиялық жолмен алып шықты", - дейді ведомство.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, операция тіліксіз, яғни іш қуысына хирургиялық жолмен кеспей жүргізілген.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылған.