BANNER

Шымкентте мектеп бухгалтері бюджет қаражатына пәтер сатып алған

Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өту

Шымкентте бюджет қаражатын қалтаға басқан бухгалтер сотталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол 451 173 978 теңгені жымқырған. Қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.

Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, мемлекеттің сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру" бойынша айып тағылды.

"Ол өзінің қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 451 173 978 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сотталушы бірнеше автокөлік пен пәтер, жер телімін және бағалы қағаздар сатып алған", - дейді ведомство.

 

Сот үкімімен сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.