BANNER

Си Цзиньпин Қазақстанға сапармен келеді

Сурет: Ақорда

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.

Айта кетейік, Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп салуға шақырды.