BANNER

"StroyKz09 лақап атымен танымал": Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

Фото: Life09

Есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде есірткі саудасына күдікті екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдіктілердің үйін тінту кезінде әртүрлі маркалы ұялы телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары (ZIP пакеттері), өсімдік тектес және ұнтақталған есірткі табылып, тәркіленді.

“Салмағы шамамен 30-40 грамм болатын жасыл дәмдеуіш түріндегі 30-дан астам қаптама алынды. Сондай-ақ жалпы салмағы 10 граммнан асатын ақ және қоңыр ұнтақталған заттардың қаптамалары тәркіленді. Күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі саудасына мамандандырылған онлайн дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды. Олардың жұмыс берушісі StroyKz09 лақап атын қолданатын адам болған”, – деп хабарлады полиция.

Қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп, барлық мән-жайлар мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр. 

Осыған ұқсас арнайы операция бір күн бұрын Астанада да өтті. Полиция күдіктінің үйіне тінту жүргізген кезде, астаналық терезеден шамамен 3 келі марихуана лақтырмақ боғаны. Ол есірткіні лақтырып үлгермеген. Енді ол бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.