Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында танымал медиа тұлғаларды қатыстыра отырып бейнеролик әзірледі.
Жобаның мақсаты – медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық санасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сондай-ақ ашықтық, адалдық және кәсіби этика қағидаттарын нығайту. Бейнероликте қызметтік нормаларды сақтау, процестердің ашықтығы және әр қызметкердің өз міндетіне жеке жауапкершілігі сияқты маңызды мәселелер қамтылған.
Медиялық тұлғаларды тарту арқылы аудиторияның қамтылу ауқымы кеңейіп, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қоғам назарын аударуға мүмкіндік туды. Дайындалған материал қолданыстағы медицина қызметкерлері мен тиісті оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін оқу-әдістемелік және түсіндіру шараларында пайдаланылатын болады.
Аталған жоба азаматтардың медициналық ұйымдарға деген сенімін нығайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.
