Белсенді жастар мен эко еріктілер жүгіруге қатыса отырып, Федоров су қоймасының аумағын тазартты. Қарағандыда плоггинг-жүгіру өтті. Ол қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын 100 қала тұрғындарын біріктірді.
– Біз экологиялық бастамаларды әрдайым қолдаймыз және бұл жарыс қала тұрғындарымен бірге табиғи аймақтарды тазартудың тамаша мүмкіндігі болды. Баршаны осындай шараға қатысуға шақырамын, өйткені табиғатқа қамқорлық – біздің болашаққа деген жауапкершілігіміз, – дейді Отбасын қолдау орталығының директоры Якуб Жамалов.
Плоггинг-жүгіру спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар маңызды экологиялық акция: оған қатысушылар экожүйенің маңызды элементі
және қала тұрғындарының танымал демалыс орны саналатын Федоров су қоймасының жағалау жиегін тазалап, қоқыс жинады.
– Федоров су қоймасы – бұл тек су көзі ғана емес, қала экожүйесінің маңызды нысаны. Бүгін біз бірлесіп қаламызды тазартып, табиғатты салауаттандырдық. Бұл шара әркімге планетамыздың тазалығын сақтауға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті эко ерікті Газиз Зулхарнай.
Жүгіру Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.