«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды

Фото: gov.kz

6 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Үшінші апта 22-27 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» акциясы өтуде осыған орай 24 сәуірде акция аясында Осакаровка кентінің «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебінің» ұстаздарымен оқушылары бірге мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты-оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, ауылдың тазалығы мен мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету  жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, ауданды таза әрі жасыл аймаққа айналдыруға шақыру.
Сондықтан біз ауылдың көрікті жерлерін қоқыстан бірге тазалауымыз қажет саябақтар мен аулалар, жасыл желектерге күтім жасау және тазалық пен тәртіпті сақтауға тырысуымыз керек.