Қарағанды облысының жоғарғы шеберлік спорт мектебінің өкілі Виктор Степанов байдарка және каноэде 200 метр қашықтыққа ескек есу бойынша Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Құрлықтық біріншілік Токиода өтті.
Теміртау қаласы ескек есу бойынша олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі 2022 жылы Қазақстанның танымал спортшысына айналды. Ол кезде металлургтер шаһарының 24 жастағы спортшысы әлем чемпионатында қола медаль ұтып алды. Ол жеңіс Қарағанды облысының спорты тарихында алғаш, ал тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші қола болған еді.
Сәуір айында ескек есушілердің тағы бір маңызды додасы өтті. Корей елінде біліктілік регатасы және академиялық ескек есу бойынша Азия Кубогы өтті.
Алтын жүлдені Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің (Теміртау қаласы филиалы) спортшылары – Мелани Жакупова, Элизавета Шлейн, Валентина Волкодавова және Екатерина Носкова алды.
Қарағанды облыстық жоғары спорт шеберлік мектебінің өкілдері үшінші орын иеленді. Бапан Асханбек, Алексей Красновский, Александр Афанасьев және Иван Матвиенко қола жүлдегер атанды.
Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша