Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтуынша, мемлекет бұл мәселені ешқашан кешірмейді.
«Қажет болған жағдайда шара қабылданады. Бүгін немесе ертең бізден мұны (кіруге тыйым салынғандардың тізімі) талап етпеңіз, бірақ мемлекет мұны ешқашан кешірмейді. Мүмкін ол Қазақстанға келмейтін шығар, бірақ келемін деп шешсе, кіргізбейді», - деп жауап берді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистердің сұрақтарына.
Еске сала кетейік, тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында «орыс тілінің ығысуы» туралы жазба жариялаған болатын. Ол Қазақстан билігінің бірнеше теміржол бекеттерінің атауын өзгерту туралы шешіміне қарсы шықты.