BANNER

Торға құлап кеткен зоопарк қызметкері арыстанға жем болды

Фото: Рexels.com

Мысырдың Эль-Файюм қаласында арыстан хайуанаттар бағының қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Арыстан 47 жастағы зоопарк күзетшісіне шабуыл жасады. 

“Хайуанаттар бағының қызметкері торға шығып бара жатып тепе-теңдік жоғалтып, арыстанның жанына құлады. Арыстан оған шабуыл жасап, басынан бірнеше рет тістеген”, – делінген хабарламада.

Ер адам алған ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жыртқышқа оқ атты. 

Эль-Файюм билігі қайғылы жағдайға байланысты хайуанаттар бағын уақытша жапты. Өз кезегінде Эль-Файюм губернаторы марқұмның отбасына көңіл айтты.