Ұлытау облысының тұрғыны мемлекеттік балабақшаның бірінде балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданды. Балабақшаға дереу тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап
Бейнекамераға түсіп қалған жазбадан баланың бірі қызды еденге жығып, басқа балалардың оны кезекпен келіп ұрып жатқанын көруге болады. Бүлдіршіндер бір-бірлеп келіп, соғып, итеріп жатқанда 3 жасар қызды басқа балалардан тәрбиешісі арашалап қалған.
Зардап шеккен қыздың ата-анасы буллингтің жеті ай созылғанына сенімді. Ал ересектер мұны білсе де, ешқандай шара қолданбаған. Тәрбиешілердің айтуынша, мұның бәрі қыздың сабақ кезінде басқаларға жиі кедергі келтіруінен болған-мыс. Енді мемлекеттік балабақшаны білім басқармасы мен полиция тексереді.
“Аталған факт Сәтпаев қаласының полиция бөліміне тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды тергеп, балабақша қызметкерлерінен, ата-аналардан және куәлардан ақпарат жинап жатырмыз. Бала қауіпсіздігіне қатысты барлық жағдайлар мұқият тексерілуде”, – дейді Ұлытау облыстық полиция депратментініең ресми өкілі Аңсаған Тоқбергенов.
