17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып түсіп, жер астында 7 жұмысшы қалып қойды. Бүгін таңға дейін жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында кеніштен 7 қызметкердің мәйіті табылды.
Қаза тапқандардың денелері жоғарыға көтерілді. Олардың кім екені анықталуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Шахтаның опырылуына байланысты вице-премьер Бозымбаевтың басқаруымен үкіметтік комиссия құрылды.Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаға табиғи газдың жарылысы себеп болған, деп мәлімдеді компания.
«Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша іс қозғалды.
«LIFE09» ақпарат агенттігін шахтадағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады