Ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін

Сурет: avia F. A. Q

Енді әуе сапары кезінде интернетке қосылуға мүмкіндік туады. Ұшақ борттарында Wi-Fi қызметі қазан айынан бастап іске қосылуы мүмкін.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.

Әуе кемелерін интернет желісіне қосу үшін Viasat және OneWeb компанияларының шешімдері қарастырылып жатыр.

Ал Wi-Fi қызметі билет құнына кіре ме, әлде жолаушылар интернет үшін бөлек ақы төлей ме — әзірге белгісіз. Түпкілікті шарттар мен тарифтерді әуе компаниялары жариялайды.