Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған. Алайда дәрігерлер Ербаян Мұхтар әлі де кәсіби медициналық күтім қажет екенін айтады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі bugin.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр. Оған қоса дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек. Ербаян Мұхтарға мүгедектік те тағайындалмаған. Себебі оның ісі бойынша сот әлі болмаған.
Туыстары сарбаздың төсек тартып жатқанын және әрекетке қабілетсіз екенін растайтын анықтама ала алмай отыр. Өйткені мемлекеттік емхананың есебінде де жоқ.
Сарбаздың Миының жарты бөлігін алып тастаған. Алайда анасы Гүлсім Қамиева ұлының еденге тайып құлап, жарақат алғанына сенбейтінін жеткізген еді.
Ал Бас әскери прокуратура: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың дене жарақатын алуына қатысты түрлі нұсқаларды қарастыруда, оның ішінде жарғыдан тыс қарым-қатынастарда болуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлаған.