BANNER

Жаңа Конституция жобасы өңірлерде кеңінен талқыланды

Фото: Life09

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап ел аймақтарын аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді. Бірнеше күн ішінде коалиция мүшелері тоғыз өңірде болып, түрлі сала өкілдерімен, жастармен және қоғам белсенділерімен жүздесті.

Кездесулер барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Әсіресе, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету кепілдіктері, сөз бостандығы және арнайы құқықтық режим енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік кепілдіктердің сақталатынын, Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі бағыты өзгермейтінін атап өтті. Мемлекеттік бюджет шығыстарының елеулі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталатыны да айтылды. Сонымен қатар, сөз бостандығы нормалары нақтылап жазылғаны, ал арнайы құқықтық режим экономикалық жобаларды ұзақ мерзімді дамытуға мүмкіндік беретіні түсіндірілді.

Іс-шаралар барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Коалиция өкілдері қоғаммен ашық диалог алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.