BANNER

Жас аналарға – «Наурыз-базарлық»

Ашық дереккөз

Наурыз мейрамын мерекелеу он­күндігінің аясында Қазақстан хал­қы Ассамблеясының аймақтағы мүшелері перинаталдық орталық­тарға барып, жас аналарға сыйлықтар табыс етті.

Шара ұйымдастырушылары облыстық клиникалық аурухананың №1, №2 перинаталдық орталықтарында, аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталыққа барды. Әр орталықтан жас босанған аналарды құттықтады. «Наурыз-базарлық» акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің атынан төртінші, алтыншы рет ана атанған нәзік жандарға естелік сыйлықтар мен гүл ұсынды.

Зәмзагүл Сағынаева алтыншы баласын жақында босанған. Көпбалалы ана алғыс айтты.

– Наурыз айы барлық қазақстандықтар үшін маңызды деп ойлаймын. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тамаша сыйлық болды, – дейді ол.

Виталий Хмелевский Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы «Отбасы құндылығы – барлығымыз үшін қастерлі», – дейді.

– Ол – қоғамның іргетасы. Келе жатқан мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа жақсылық, береке тілеймін. Балаларымыз Қазақстан Республикасының айбынды, дені сау, ақылды азаматы болып өссін, – деді Виталий Альбертович.