BANNER

"Жеттік осы күнге!": Елдос Колобок отбасындағы көптен күткен жаңалығын жария етіп, гендер пати жасады

Фото: видео скрин

Белгілі блогер Елдос Қадырханов тоғыз жыл күткен ерекше жаңалығын көпшілікке бөлісті. Ол жұбайы екеуі сәби күтіп жүргенін жария етті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Көпшілікке "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер бұған дейін сәбилі бола алмай жүргенін халық жақсы біледі. Ол бірнеше ота жасап, жуырда ғана сәбилі болу мүмкіндігі пайда болғанын жеткізген. Ал бүгін жұлдызды жұп көпшіліктен сүйінші сұрап, отбасы үшін дұға еткен жандарға алғысын жеткізді. Блогерлер жақындарын жинап, гендер пати жасады.

"Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазған ол гендер патиден видео жүктеді.

Видеодан олар ұл бала күтіп жүргенін, ерлі-зайыпты қуаныштан көз жасын тыя алмағанын көруге болады.

Олардың мұндай қуанышты жаңалығын көрген желі қолданушылардың да көңілі босап, жаппай ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

"Еріксіз жас келді! Аман есен дүниеге келіп, несібесін арттыра берсін", "Алланың қалауы, үлкендердің батасы, дәрігерлердің біліктілігі, көптің қолдауы", "Көптің тілегі қабыл болады деген осы ма ағайын?", "Ооо, керемет жаңалық! Қуаныштан жылап жібердім ғой! Өте қуаныштымыз шын ниетпен! Күтіп, тілеп жүр едім! Аман-есен қол-аяғын бауырына алсын, Танчо! Бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр тілеймін сіздерге", "Аллаға сансыз мадақ", - деп жазды олар.