Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды

Сурет: qazsporttv

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермуханбет пен оның пилоты Руслан Алиев 34 минут 09,17 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді. Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.