BANNER

БҚО-да шенеунікке жасөспірімді зорлады деген айып тағылды

Фото: ЖИ Gemini

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ztb_qazaq телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиғаға бір айдан астам уақыт өтсе де, күдікті әлі қамауға алынбаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімге жоғары лауазымды шенеунік тарапынан зорлық жасалған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Әкесінің сөзінше, күдікті өз әрекетін мойындаған, ал жәбірленуші оны таныған. Соған қарамастан, полиция оны босатқан.

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.