27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ташкент қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 кг: Барақ Арқабай
100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
100 кг+: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев
Әйелдер:
78 кг+: Назгүл Маратова
