Қарағандыда «Fest KrgTartylu» турнирі өтеді

Фото: ЖИ Gemini

Қарағанды тұрғындары мен спорт әуесқойларын Fest KrgTartylu турникке тартылу турниріне қатысуға шақырады. Жарыс 20 маусым күні сағат 18:00-де Қарағанды қаласының Орталық саябағында өтеді.

Турнирге 14 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысушылар бірнеше санат бойынша сынға түседі.

Ерлер үш салмақ дәрежесінде бақ сынайды:

* 67,5 келіге дейін;

* 67,5 келіден 82,5 келіге дейін;

* 82,5 келіден жоғары.

Әйелдер үшін абсолюттік салмақ дәрежесі қарастырылған.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және сертификаттармен де марапатталады.

Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өту қажет. Тіркелу @qaragandy_jastary Instagram парақшасы арқылы немесе Powertable платформасында жүргізіледі.

Жарыс күні қатысушылар салмақ дәрежесін растау үшін сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін өлшеуден өтуі тиіс.

Көрермендерді сағат 18:00-ге шақырады. Дәл осы уақытта турнирдің негізгі кезеңі басталады.