BANNER

Михаил Шайдоров үздік бестікте! Алда – шешуші сайыс

Фото: Qazsporttv телеграм арнасынан

Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1. Илья Малинин (АҚШ) - 108.16 ұпай

2. Юма Кагияма (Жапония) - 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4. Даниэль Грассль (Италия) - 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесіне ие болған еді.