«41 млн теңге»: Алматыда мектеп бітіру кешіне жиналған қаржы қоғамда резонанс тудырды

Фото: Life09

«41 млн теңге»: Алматыда мектеп бітіру кешіне жиналған қаржы қоғамда резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде оқушылардың бірінің анасы мектеп бітіру кешіне байланысты қомақты қаражат жиналып жатқанына наразылық білдірді. Оның айтуынша, 138 оқушыдан жалпы 41 миллион теңге жинау жоспарланған. Жарияланған видеоға сәйкес, бұл соманың шамамен 9 миллион теңгесі ойын-сауық бағдарламасына жұмсалмақ болған. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, алдын ала тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, қаражат жинау бастамасы ата-аналар тарапынан көтеріліп, бейресми чаттарда талқыланған. Сонымен қатар, мектеп директоры қызметтік міндетін тиісті деңгейде атқармағаны және заңсыз ақша жинаудың алдын алмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Дереккөз: @ztb_qazaq