Бүгін, 5 қазанда, Қазақстанда ең маңызды әрі тағылымды мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні атап өтіледі.
Ұстаздық ету – терең білім мен сабырлықты, жоғары жауапкершілік пен өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін мәртебелі миссия. Педагогтер жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларды терең ойлауға, дербес шешім қабылдауға және мақсатқа ұмтылуға баулиды.
Бағыт беріп, өмірлік жолымызда қолдау көрсеткен ұстаздардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Себебі мұғалімдердің кәсібилігі мен парасаты – сапалы білімнің, өркениетті әрі бәсекеге қабілетті қоғамның басты кепілі.