Жамбыл облысында мұғалімнің шәкіртін ұрып-соққаны белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Ер адамның айтуынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Сол кезде ол баланың анасынан кешірім сұрап, өз әрекетінің дұрыс болмағанын мойындаған.
Мұғалім кейінгі үндеуінде сол сәтте эмоцияға беріліп кеткенін айтып, оқушының отбасынан тағы да кешірім сұрады.
Полиция аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Департамент мәліметінше, іс кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен тергеліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жамбыл облысында мұғалім оқушысын ұрып-соққан
Фото: Gemini ИИ