BANNER

«71 жастағы туысы зорлап, балалы болған»: Түркістанда тағы бір жантүршігерлік қылмысқа сот үкімі шықты

Фото: ЖИ Gemini

Оқиға 2024 жылы болды. Түркістан облысы, Келес ауданында 16 жастағы қыз туысқан атасынан зорлық көріп, бір баланы өмірге әкелгені анықталды. Сот барысында 71 жастағы ер адам кінәсін мойындамағанымен, медициналық сараптама нәтижесі бойынша бала дәл осы ер адамнан туғаны расталған. Жәбірленуші қыз көрген қорлығынан кейін Астанаға барып босанған. Қазір қыз баланың психологиялық және физикалық жағдайына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Сот үкімімен зорлық жасаушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.