Ақтауда әйел бесінші қабаттан секіріп кетті

Фото: Gemini

Ақтау қаласындағы №6 тұрғын үйде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап.

24 наурыз күні күндізгі уақытта 1993 жылы туған азамат 5-қабаттан секірген. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әйел алдымен екінші қабаттағы терезе қалқанына соғылып, содан кейін барып жерге құлаған.
Облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен қыз аман қалды, ол қазіргі уақытта ауруханада дәрігерлердің бақылауында.