Қарағанды облысында бес азаматқа құрметті атақ берілді

Сурет: Нуркен Кобжанов/facebook парақшасынан

Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бір топ азаматқа «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

 

Сессия шешімімен Қарағанды облысы мен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан жеке үлесі мен айрықша еңбегі үшін бұл жоғары атаққа мына тұлғалар лайық деп танылды:

 

Серік Ақсұңқарұлы – мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

 

Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы – мәдениет және білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

 

Арипов Еркен Рауанұлы – сот жүйесінің ардагері;

 

Ашляев Хазбулат Сопыжанұлы – «QazCOOP» оқу орындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

 

Мазурчак Михаил Дмитриевич – «Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» КМК неврологиялық және инсульт қызметінің басшысы.