Астанада той кортежіндегі үш адам 10 тәулікке қамалды

Фото: Gemini ИИ

Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған той кортежін тоқтатты, деп хабарлайды Life09 ақпара агентігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Тексеру кезінде бес көлік жүргізушісіне авариялық жағдай туғызу және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Ал қозғалыс кезінде көліктен денелерін шығарып, шу көтеріп, жол қауіпсіздігіне кедергі келтірген 21 жастағы үш азамат ұсталды.

Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.