Әр шаңырақтың берекесі, ақылы мен өнегесі болған ардақты қарияларымызды бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз.
Қарттарымыз - өткен мен бүгінді жалғап жатқан алтын көпір, еліміздің асыл қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақ батасы - біз үшін сарқылмас рухани байлық.
Барша ата-әжелерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз. Бала-шағасы мен немере-шөберелерінің қызығын көре берсін.
Құрметті оқырмандар, бүгін ардақты қарияларға хабарласып, жылы лебіздеріңізді білдіруді ұмытпаңыздар.