Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақхана коменданты студенттер мен университет қызметкерлерінен бірнеше жыл бойы заңсыз ақша жинаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сот анықтағандай, ол әр адамнан ай сайын 14 300 теңгеден алып отырған. Комендант мұны университет басшылығының тапсырмасы деп түсіндірген. Алайда тергеу барысында мұндай тапсырманың болмағаны анықталған.
Сонымен қатар ол жатақханаға 57 шетелдік азаматты заңсыз тіркеп, әрқайсысынан 40 мың теңгеден алған.
Сот әйелді Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Астанада жатақхана коменданты студенттерден 5 жыл бойы заңсыз ақша жинаған
Фото: Gemini ИИ