Бұл – елдің дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан маңызды өзгеріс

Фото: Life09

Ата заңдағы басты жаңашылдықтардың бірі – бір палаталы Құрылтайдың құрылуы. Жаңа заң шығарушы орган заң қабылдау үдерісін жеделдетіп, оның сапасын арттыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Президенттің айтуынша, Құрылтай бюрократиялық кедергілерді азайтып, заң шығару жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс.

#Қазақстан #Конституция #Құрылтай #Саясат #Реформа #МемлекеттікБасқару #Заң #ҚазақстанЖаңалықтары