Қарағандыда Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект және бағдарламалау мектебі — Tomorrow School-дың екінші легіне қабылдау жүріп жатыр. Мұнда қатысушылар бір-бірінен үйреніп, тәжірибелік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы білім алады.
Оқу тегін. Сабақтар Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында өтеді.

Қатысушылар жасанды интеллектпен жұмыс істеуді, AI-инженерияны, киберқауіпсіздікті, ойын әзірлеуді және басқа да бағыттарды меңгере алады. Бағдарлама аясында Go, JavaScript, Rust және Python бағдарламалау тілдері оқытылады. Сонымен қатар қатысушылар өз портфолиосына енгізу үшін 50-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады.
Оқу үдерісі тәжірибеге, кәсіби дағдыларды дамытуға және IT-қоғамдастықпен өзара байланыс орнатуға бағытталған. Қатысушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін кампус, кәсіби байланыс орнату және пікірлес адамдармен тәжірибе алмасу мүмкіндігі де ұсынылады.
Екінші лекке тіркелу 23 қазанға дейін жалғасады. Сол күні Check-In кезеңі де өтеді. Ал 26 қазан мен 21 қараша аралығында оқудың кіріспе әрі қарқынды кезеңі — «Бассейн» ұйымдастырылады.
Сабақтар Қарағанды қаласы, Терешкова көшесі, 38а мекенжайында өтеді.
Өтінімді Instagram желісіндегі @tomorrow_school.ai парақшасының профилінде көрсетілген сілтеме арқылы беруге болады.