Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады. Алдағы күндері ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон ықпалынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.
«Қазгидромет» мәліметінше, тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын жауады. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал, оңтүстік облыстарда 0–10 градус аяз болады.
