Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 6 ай сайын өсетін болды

Фото: ЖИ Gemini

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 6 ай сайын өсетін болды. 2031 жылы зейнет жасы ерлермен теңеседі. Зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстанда зейнеткерлік жас өзгеріссіз қалады. Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жас деп белгіленген. Бұл көрсеткіш әйелдер үшін 2027 жылдың соңына дейін сақталады. Ал, 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды. Жоспар бойынша, жыл сайын 6 айға өсіп отырады: - 2028 жылдан бастап – 61,5 жас; - 2029 жылдан бастап – 62 жас; - 2030 жылдан бастап – 62,5 жас; - 2031 жылдан бастап – 63 жас. Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасы теңестіріліп, 63 жас болып белгіленеді.